"Алғашқы жұмыс орындары" жобасы

"Алғашқы жұмыс орындары" жобасы

🔷 Халықты еңбекпен қамтудың мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіби машық пен білімсіз-ақ жұмыс табуға көмектесетін «Алғашқы жұмыс орны» жобасы іске қосылды.

Тәжірибесіз қалай жұмысқа тұруға болады?

1. Порталда жұмыссыз ретінде тіркеліңіз.

2. Іздеу сүзгісіне өтіп, «Алғашқы жұмыс орны» дегенді таңдаңыз. Бұл жоба жаңа білім мен машық үйрену үшін алғашқы жұмыс орныңызды табуға көмектеседі.

3. Еңбекпен қамту орталығынан немесе электрон еңбек биржасынан Enbek.kz өзіңізге жарайтын вакансияны таңдаңыз.

4. «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмысқа тұруға бағыттама алыңыз.

Жұмыс ұзақтығы — 18 айға дейін. Жалақысы — 30 АЕК-тен кем емес (2022 жылы 95 400 теңге). Үміткер жұмыссыз ретінде тіркелген және жасы 29-дан төмен болуы керек