-33 ке дейін аяз күтілуде

-33 ке дейін аяз күтілуде
 
Алдағы күндері Алматы облысында күн райы бұзылуы мүмкін. Осыған байланысты облыс тұрғындары мен қонақтарын таулы аймақтар мен алыс жолдарға шықпауын сұраймыз. Төтенше жағдайлар орын алып, жол қозғалысы қиындап, апат орын алуы ықтимал.

Жол-көлік оқиғаларын болдырмау үшін көлік құралдарын басқару кезінде қауіпсіздік шараларын сақтаңыз және аса қажет болмаса, қаладан шықпаңыз.

Егер сіз жолғап шығып кетсеңіз, жылдамдықтың шектен асырмай, аралықты қатаң сақтауыңыз керек, қарсы жолаққа шығып, болмаса, келесі көлікті басып озудан аулақ болыңыз.

Тайғақ жерге тап болған жағдайда, жүргізушілерге барынша мұқият болу керек, егер, жолдың жиегіне шығып кеткен жағдайда өзіңізді бір қалыпта ұстап, тежеуішті бірден баспаңыз.
Жолдардағы қар үйінділері көлік қозғалысын қиындатып, автомобиль көлігінің жұмысын толығымен тоқтатады.

Желдің күшеюі кезінде азаматтарға үйлердің карниздерінен, билбордтар мен шатырлардың жанында тұрмауды ұсынамыз!

Абайлаңыз, ережелерді сақтаңыз!