
Ауа-райының күрт нашарлауына және қалың қардың түсуіне байланысты ауданның барлық жол қызметтері дайындыққа келтірілді және 04.01.23 ж.сағат 03.00-ден бастап Есік қаласы бойынша жолдарды тазалау және себу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар үнемі жүргізілетін болады. Есік қаласының тұрғындары мен қонақтарын түсіністікпен қарауды сұраймыз!
Ауа-райының нашарлауы салдарынан ауданның барлық қызметтері дайындықпен өткізіліп, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта ауданның барлық аумағында қалың қар күтілуде. Жолдарды тазалау және себу барлық бағыттар бойынша (республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар) жүргізіледі.
Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында "Алматы - Көкпек - Көктал - Қорғас" автожолының 132-ден 172 км-ге дейін (Байсейт ауылынан Көкпек ауылына дейін) көлік қозғалысы үшін уақытша жабылды. 37 бірлік техника мен 65 адам еңбек ресурстары жұмылдырылды. Ауа температурасы -2 градус.