
Желтоқсанның әр үшінші жексенбісi қазақстандықтар Энергетиктер күнін атап өтеді. Энергетиктердің кәсіби мерекесіне орай аудан әкімінің орынбасары Әділжан Смағұлов пен аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Бейбіт Искаков өңіріміздгі энергетика саласында еңбек етіп келе жатқан ұжымдарды төл мерекесімен құттықтады. Сапар аясында аудан әкімінің орынбасары Әділжан Смағұлов Есік қаласы мен Шелек өңірніндегі «АлматыЭнергоСыбт» ЖШС-і мен «Алатау Жарық Компаниясы»Акционерлік қоғамының Шелек электр торабындағындағы үздік қызтекерлерге алғыс хаттар табыстады.
– Сіздер біздің аймақтағы энергетикалық ресурстардың көзін игеріп, саладағы алып кәсіпорындардың іргесі қаланып, дамуына ықпал еттіңіздер. Сіздерді тек ауданымыз емес, қазақстандық энергетиканың өркендеуіне қосқан үлестеріңіз үшін алғыс айтамын. Зор денсаулық, отбасылық бақыт, істеріңізге сәттілік тілеймін! - деді аудан әкімінің орынбасары.