
Еліміздің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі. Сондықтан да адам өмірі мен денсаулығына төнген қауіптің алдын алу – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.
Осынау жауапкершілікті терең түсініп, жылдам шешім қабылдап, төтенше жағдай кезінде өз басын бәске тігіп, бірнеше жанның өмірін лапылдаған оттан аман алып қалған асқан ерлігі мен азаматтығы үшін бүгін аудан әкімі Досумбаев Алтай Машикұлы Космос ауылында болған өртте ерлік көрсеткен азаматтарды қабылдап, алғысын білдірді.
Атап айтсақ, 7 желтоқсанында Космос ауылындағы жеке тұрғын үйден өрт шықты. Өрт салдарынан тіршілік белгісі жоқ 3 мәйіт, сондай-ақ 6 зардап шеккен болатын.