
Суармалы су мәселесін шешу бойынша Балтабай ауылдық округінің ПУИД-2 проектісіне 5,2 млрд.тг бөлініп, каналдарды реконструкциялау 2023 жылы бітеді.
Балтабай ауылының ауыз су құбырын ағымдағы жөндеуден өткізу үшін, бюджеттен 83 млн.теңге қаражат бөлініп, ағымдағы жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.
Балтабай ауылына мәдениет үйін және спорттық сауықтыру кешенін салу мәселесі өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған жоспарына сәйкес, 2025 жылға жобалық-сметалық құжаттарға қаржы қарастыруға сұраныс берілді. Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Смағұлов Әділжан Мұхаметжанұлы халықпен тұрақты кездесу барысында айтты.