
Қызылшарық ауылында 900 орындық жаңа мектептің құрылысы жүргізіліді.
Қайрат ауылындағы су құбырын ағымдағы жөндеуге 10 млн.теңге бөлінді және Жаңашаруа ауылына саябақ салуға 1,4 га жер телімін беруге мемлекеттік актісі дайындалуда. Енді сол саябақты абаттандыруға сметалық құжаттама дайындалып, 2023 жылға өтінім берілді. Ал алдағы 5 жылда халықты көгілдір отынмен қамтамасыз ету жоспарлануда, бұл туралы аудан әкімі @dosumbaev_altai Асы ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу барысында айтты.