Есік көлі мен Түрген шатқалы жолдары 31 наурызға дейін жабылды

Есік көлі мен Түрген шатқалы жолдары 31 наурызға дейін жабылды

Қысқы мерзімнің басталуына байланысты, таулы аймақтарда орналасқан облыстық маңызы бар «Түрген –Обсерватория» 20-41 шақырымдары, «Есік көліне кіре беріс» 7-15 шақырымдар және «Талғар-п/л Спутник» 6-11 шақырымдары жол қауіпсіздігі және адам өміріне қауіп төндірмеу мақсатында  2023 жылдың 31 наурызына дейін жабылды!
Айта кетейік, аталған  автомобиль жолдарында қыс мезгілінде қар көшкіні және тастардың түсу қаупі бар.