
Қазіргі таңда Қызылжар және Бәйдібек би ауылындарында сумен қамту жүйесін қайта жаңғырту және салу жұмыстары жүргізілуде.
Аудан әкімі аталған екі нысанның жұмыстарын толықтай тексерді.
Тексеру барысында Қызылжар ауылының сумен қамту жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізіп жатқан мекеме өкілдерінің жұмыстарына бірнеше ескертпе жасады. Қазіргі таңда жұмыс қарқыны өз уақытынан кешігуде.
Бәйдібек би ауылының сумен қамту жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізіп жатқан мекемеге ескерту болмады. Жұмыс штаттық режимде жүргізілуде.