
Нұрлы ауылының 2019 жылы ауыз су құбырын толық ауыстыру жұмыстарын жүргізген соң көшелер қазылған болатын. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрғындарға қолайлы жағдай туғызу мақсатында жобасы әзірленіп, 2022 жылы қаражат бөлінді. Қазіргі таңда орталық Қонаев, Жангелдин көшелерінде жаяу жүргіншілер жолын, су арықтарын, құбырларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Қонаев көшесінде орналасқан аллеяда жарықтандыру шамдары, қоршау, орындықтар орнатылатын болады.