Салмағы 5 кг-нан асатын батыр қыз Еңбекшіқазақ ауданында дүниеге келді

Салмағы 5 кг-нан асатын батыр қыз Еңбекшіқазақ ауданында дүниеге келді

Еңбекшіқазақ көпсалалы ауданаралық перзентханасында салмағы 5 келіден асатын батыр қыз дүниеге келді.
Бала отбасындағы төртінші бала болды.
Перзентхананың медициналық қызметкерлері үлкен сәбидің дүниеге келуіне дайын болды. Алайда, нәрестенің салмағы 5 килограмнан асқаны дәрігерлерді таң қалдырды .
Қазіргі уақытта ана мен бала өзін жақсы сезінеді, олар үйге шығарылды.