Қызылжар ауылының ауыз су құбырын ауыстыру жұмыстары басталды

Қызылжар ауылының ауыз су құбырын ауыстыру жұмыстары басталды

Ағымдағы жылдың 27 қыркүйегінде Қызылжар ауылының сумен жабдықтау жүйесін салу және реконструкциялау жұмыстарының барысы бойынша техникалық кеңес өтті. Кеңесте аудан әкімі А.Досумбаев ауыл тұрғындарын сапалы ауызсумен қамтамасыз етуді басты назарда екеніне тоқталып, қызметтерге (службалар) жұмыстарды жүргізу кестесіне сай тұңғылықты жұмыс істеуді тапсырды. Жиынға Еңекшіқазақ ауданының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы - Д.Мырзақожа, Көктөбе ауылдық округінің әкімі - Б.Саменов, "Есік Су" МКК-ның инженері - М.Туремуратов, нысанның техникалық қадағалауы - А.Бургамбаев, мердігер мекеменің өкілдері - А.Асанов, И.Низамов қатысты. Айта кетерлігі, жоба 2022 - 2023 жылдарға жоспарланған.