Ағымдағы жылдың қыркүйек айында әкімдікке кандидаттарды ұсыну барысында 3 кандидат құжат өткізді.
Еңбекшіқазақ аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Еңбекшіқазақ ауданының Рахат ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі.
Рахат ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 17699 азамат енгізілді, олардың 12398-і дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдердің саны – 70, "Бәріне қарсымын" деген жолда - 101.
Әкімге үміткерлер саны – 3 адам, 3 адам - өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған.
Әр үміткерге берілген дауыстар саны:
Богусбаев Қайсар Нұрболатұлы – 10980 (89,8%); Нарымбаев Санат Есенұлы – 653 (5,34%); Телтаев Ержан Берікұлы – 594 (4,86%).
Рахат ауылдық округінің сайланған әкімі Богусбаев Қайсар Нұрболатұлы, 1989 жылы туған, Рахат ауылдық округі әкімінің орынбасары, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласында тұрады, өзін - өзі ұсынған, қазақ.