
Облыстық маңызы бар Ақши ауылына кіреберіс жолының жалпы ұзындығы 9,34 км құрайды, оның ішінде 2 км қанағаттанарлық (республикалық маңызы бар «Алматы – Көкпек – Көктал - Қорғас» автомобиль жолынан «Алматы – Шелек - Қорғас» жолына дейінгі арылық), 7,34 км қанағаттанарлықсыз жағдайда.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудандық полиция басқармасының әкімшілік полиция бөлімімен бірге аталған жол учаскесі тексеріліп, Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына қаражат қарастыруға бюджеттік өтінім ұсынылған болатын.