Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам

Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам

Қыркүйектің алғашқы күні ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған болатын.

Жолдау қазақстандықтардың жүрегіне үлкен үміт ұялатты, ендігі міндет –Жолдауда айтылған бастамаларды жүзеге асыру. Осы мақсатта аудан әкімі Алтай Досымбаев актив өкілдерімен Жолдаудағы айтылған бағыттарды талқылау мақсатында арнайы жиын өткізді.

Алтай Машикұлы жолдауда аталған Мемлекет басшысы міндеттеген алдағы реформалардың бағыт-бағдары бойынша ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық даму үрдісіне негізделген бірқатар міндеттерді орынбасарлары мен қала, ауыл әкімдеріне, басқарма бөлім басшыларына жүктеді.

Аталған жиында Шелек ауылдық округінің әкімі Сәкен Абдыхалиев пен  «ЮиТ» газетінің редакторы, аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі Айгүл Габсаттароваға арнайы сөз ұсынылды. Олар Мемлекет басшысының ел тынысына жаңа серпін берген Жолдаудың бағыттарын атап өтіп, өз ойларымен бөлісті.