Жұмыссыздарға әлеуметтік төлемдер төленеді

Жұмыссыздарға әлеуметтік төлемдер төленеді
Егерде сіз бұрынғы жұмыс орныңызда екі жылдан астам уақыт ресми түрде еңбек етсеңіз аталған төлем сізге тиесілі болады. Есіңізде болсын жұмыс тапқанша, әлеуметтік төлемдерді тек алты ай ішінде ала аласыз.
Егер сіз осы мерзімнен бұрын жұмысқа орналассаңыз, онда әлеуметтік төлем сізге жұмыссыз болған кезең аралығы үшін беріледі.
Әлеуметтік төлем алу үшін сізге Халықты жұмыспен қамту орталығында немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жұмыссыз ретінде тіркелу қажет.

Әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептегенде, екі жылғы жалақыңызды 24-ке бөледі және зейнетақы мен табыс салығын алып тастағанда сізге ай сайын 40% төлем төленеді.