Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде мемлекеттік органдардың ашықтығы мен қолжетімділігін қоғамдық бақылау

Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде мемлекеттік органдардың ашықтығы мен қолжетімділігін қоғамдық бақылау

Ағымдағы жылдың 16 маусым күні Еңбекшіқазақ ауданда мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында туындаған түйінді мәселелерді және кемшіліктерді қарау жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның жұмыс сапарларын өткізу кестесіне сәйкес аудан әкімдігінің ведомствоаралық комиссия мүшелері Еңбекшіқазақ ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Тлеулес Дүйсебаевич Узаковпен бірге  мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру, оның ішінде мемлекеттік қызметті алу кезінде "кедергісіз орта" құру мақсатында Шелек ауылдық округі әкімінің аппаратында  қоғамдық мониторинг жүргізілді.

Шелек ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты ерекше қажеттіліктері бар адамдардың мемлекеттік қызметтерді алуы үшін толықтай бейімделген.

Тұрғындар мен қонақтарға электрондық мемлекеттік қызметтерді ыңғайлы алу үшін "Open space" форматында барлық қажетті жағдайлар жасалған. Балалар үшін "балалар бұрышы" ұйымдастырылған.

Аудан әкіміне пандустың үстіне жауын-шашыннан шатыр орнату үшін бюджет қаражатын салу тапсырылды.

Берілген тапсырмалардың орындалуы бақылау посты құралы бойынша бақыланатын болады.

Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппаратының

 мемлекеттік қызметтер мониторингі

және ақпараттық технологиялар бөлімі