
Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындары бүгін өздері тіркелген сайлау учаскелеріне келіп өз дауыстарын белсенді беруде. Ауданда жалпы 111сайлау учаскесі, 182600 сайлаушы бар.
Президентіміз ұсынған оң өзгерістер мен реформалардың іске асуына, Жаңа Қазақстанның қалыптасуына үлес қосу – әрқайсымыздың негізгі азаматтық борышымыз. Дана халқымыз айтқандай, қазіргі уақытта тірліктің де, берекенің де көзі – бірлікте. Осы тұрғыда біздер Қазақстанның демократиялы, әділетті және өркениетті мемлекет болып құрылуына үлесімізді қосатын боламыз.