Алмалы ауылының жолдарын жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Алмалы ауылының жолдарын жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Ағымдағы жылдың 29-шы мамыр күні облыстық маңызы бар Алмалы ауылына кіреберіс жолын (3,8 км) жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша тұрғындармен кеңес өткізілді.
Кеңес барысында ағымдағы жылға тек ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілетіні, сонымен қатар жобалау-іздестіру жұмыстары жүріп жатқаны баяндалды. Кеңеске Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы А.Аппақов, Еңбекшіқазақ ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ж.Кураметов, орынбасары Б.Искаков, Көктөбе ауылдық округінің әкімі Б. Саменов және Алмалы ауылының тұрғындары қатысты.