Алматы облысының әкімі Бозымбаев Қанат Алдабергенұлы Еңбекшіқазақ ауданының жеке шаруашылықтары мен кіші өнеркәсіптерін аралап, өзекті пробемалармен танысты. Түстен кейін Есік қаласы Т. Молдағалиев атындағы мәдениет үйінде тұрғындармен кездесіп, сұрақтарға жауап беріп, жеке қабылбау өткізді.