Мемлекеттік басым міндеттерінің бірі салықсалуды анық және сауатты басқару болып табылады, өйткені елдегі салық саясатының тиімділігі осы үдерісті ұйымдастыру деңгейіне байланысты. Салық салу - мемлекеттің ежелгі функциясы және қоғамның экономикалық және әлеуметтік даму жолындағы негізгі шартардың бірі. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту мақсатында жеке тұлғалардың кірістеріне салық салуды толық ауқымды әкімшілендіру мәселесін шешуге арналған маңызды шарт халықтың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау болыптабылады.
Жалпыға бірдей декларациялауға көшудің мақсаты көлеңкелі экономикамен және сыбайлас жемқорлықпен күрес үшін жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкіне тиімді бақылау жүйесін құру, сондай-ақ салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауды қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлін күшейту болып табылады. Жалпыға бірдей декларациялауға көшуді қамтамасыз ету бойынша негізгі міндеттер:
Кірістерді декларациялау:
Жалпыға бірдей декларациялау кейінге қалдырылды және 2021 жылдан бастап кезең-кезеңмен енгізілетін болады.
Бірінші кезеңде 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайларынан, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардан және олардың жұбайларынан декларациялауды бастау ұсынылады.
Екінші кезеңде 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және т. б. саласын қоса алғанда) және олардың жұбайлары.
Үшінші кезеңде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары, дара кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары.
Төртінші кезеңде 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап халықтың қалған санаттары.
Бұл ретте әрбір кезеңнің қорытындылары талданып, проблемалық мәселелер анықталатынын және заңнаманы, әдіснаманы және ақпараттық жүйелерді жетілдіру бойынша шаралар қабылданатынына тап өту маңызды.
Қазіргіу ақытта ҚР заңнамасына жалпыға бірдей декларациялауды кезең-кезеңмен енгізу бойынша түзетулер дайындалуда. Олар белгіленген тәртіппен ҚР Парламентінің қарауына енгізілетін болады.
Жалпыға бірдей декларациялауды енгізген кезде жеке тұлғалардың декларацияларын кім ұсынуға тиіс?
Жалпыға бірдей декларациялау кезінде жеке тұлғалар қандай декларация нысандарын тапсыруға тиіс?
Декларациялау жүйесіне енген кезде ктивтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылатын болады, онда меншік құқығындағы мүлікті, соның ішінде пәтерлерді, машиналарды, банктердегі салымдарды міндеттемелерін көрсету қажет.
Кейіннен халық жыл сайын кірістер, сатыпалған мүлік туралы декларацияны тапсыратын болады. Бұл ретте жыл ішінде еңбекақы, зейнетақы, стипендия алған және басқа кірістерді алмаған немесе мүлігін сатпаған тұлғалар қандай да бір цифрларды көрсетуінсіз бір парақтағы қысқаша декларацияны тапсыратын болады. Егер адамның кірістері молырақ болса, ол толық декларацияны ұсынуы тиіс.
Декларацияларды ұсыну мерзімдері
Жеке тұлғалардың декларацияны электрондық түрде ұсынуын ынталандыру мақсатында декларацияны ұсынудың 2 мерзімі көзделген:
Жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде қандай қосымша салық шегерістері көзделген және олар қашан енгізіледі?
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы