Еңбекшіқазақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 11 шілдедегі«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына сәйкесдербес бюджетті жергілікті өзін-өзі баскаруға (4-ші деңгейлі бюджеттер) енгізуді қарастыруынабайланыстыжергілікті бюджеттен (аудан бюджеттерінен) 5 түрлі салық түсімдерін аудан деңгейіндегі қалалардың, ауылдардың, ауылдық округтердің Әкімінің аппаратының БСН-не жіберу, нақтылап көрсеткенде:
БЖК 101202 «Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы» ҚР Салық Кодексінің 362-ші бабының 1-ші тармағына сәйкес жеке кәсіпкердің тұрғылықты жері бойынша;
БЖК 104102 «Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық» ҚР Салық Кодексінің 532-ші бабына сәйкес тұрғылықты мекен-жайы бойынша;
БЖК 104302 «Елді мекендер жерлеріне алынатын жер салығы» ҚР Салық Кодексінің 514-ші бабына сәйкес жеке тұлғалар тұрғылықты мекен-жайы бойынша, ал жеке кәсіпкерлер ҚР Салық Кодексінің 516-ші бабына сәйкес кәсіпкерлік ісіне арналған жер телімдерінің тұрғылықты жері бойынша;
БЖК 104402 «Жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық» ҚР Салық Кодексінің 490-ші бабының 4-ші тармағына сәйкестұрғылықты мекен-жайы бойынша;
БЖК 104401 «Заңды тұлғаларданкөлік құралдарына салынатын салық» ҚР Салық Кодексінің 494-ші бабына сәйкес көлік құралдарының тіркеуге қойылған жері бойынша төлену керек.
Жоғарыда көрсетілген мәліметтерге байланысты, сіздерден салық төлемдерін дұрыс орындауларыңызды сұраймыз.
Қосымша хабарлаймыз, ҚР Қаржы Министрлігінің 2018 жылғы 19-желтоқсандағы №1093 «Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» (2018 жылдың 20-желтоқсанында № 17970 болып ҚР Әділет Министрлігінде тіркелген) бұйрығына сәйкес бюджеттік жіктелу коды (БЖК) 104309 «Елді мекендердің жерлеріне алынатын жер салығын қоспағанда, жер салығы» ҚР Бірыңғай бюджеттік жіктелуінен алынып тасталды.
Осыған байланысты, 2019 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап жер салығына төленетін барлық төлемдер 104302 «Елді мекендер жерлеріне алынатын жер салығы» бюджеттік жіктелу кодына төленуі керек.
Енбекшіқазақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының
есеп жүргізу, талдау және ақпараттық технологиялар бөлімі