Салық төлеушілерін назарына!

Салық төлеушілерін назарына!

Арнайы салық режимдерін патент және шаруа қожалықтары (бірыңғай жер салығын төлеушілер) негізінде қолданатын салық төлеушілер қолма-қол ақша айырысу кезінде 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап онлайн БКМ-ын қолдануға міндетті,томендегі көрсетілген тізбеден басқа:

сылақ жұмыстарын;

ағаш ұсталығы мен ағаш шеберлігі жұмыстарын;

еден жабу және қабырға қаптау жөніндегі жұмыстарды;

бояу және шынылау жұмыстарын;

такси қызметін;

автомобиль көлігімен жүк тасымалдауды;

сыйақы үшін немесе шарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқаруды;

фотография саласындағы қызметті;

аударма (ауызша және жазбаша) ісін;

мүліктік жалдауға (жалға) беруді;

көлік құралдарын мүліктік жалдауға (жалға) беруді;

ойын-сауық және спорттық керек-жарақтарды прокатқа және мүліктік жалдауға (жалға) беруді;

бейнежазбалар мен дискілерді прокатқа беруді;

басқа да жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды прокатқа беруді және мүліктік жалдауға (жалға) беруді;

ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығын мүліктік жалдауға (жалға) беруді;

 есептеуіш техниканы қоса алғанда, кеңсе машиналары мен жабдығын мүліктік жалдауға (жалға) беруді;

спорттық білім және бос уақытты ұйымдастыру мамандарына білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді;

мәдениет саласындағы білім берудің көрсетілетін қызметтерін;

басқа да білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді;

қосалқы білім беру қызметтерін;

өнер саласындағы қызметті;

компьютерлерді және перифериялық жабдықты жөндеуді;

коммуникациялық жабдықты жөндеуді;

жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды жөндеуді;

 шаштараз қызметтерін;

маникюрді және педикюрді;

ветеринариялық көрсетілетін қызметтерді;

жер учаскелерін өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді;

тұрғын үй-жайларды жинау және үй шаруашылығын жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтерді;

базарларда, вокзалдарда жүк тасушылар көрсететін қызметтерді;

музыкалық аспаптарды жасауды және жөндеуді;

үй жануарларын бағуды жүзеге асыратын дара кәсiпкерлер қолдануға құқылы.

 

 

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасы