«Қаратұрық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету тәртібі

«Қаратұрық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету тәртібі

     

        Аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметті «Қаратұрық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы  арқылы жүзеге асырылады.

        Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1 кезең: көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап - 23 жұмыс күні, көрсетілген мерзімге жерге орналастыру жобасын әзірлеу кезеңі кірмейді; 2 кезең:жерге орналастыру жобасы бекітілген күннен бастап жер учаскесіне шешім шығару - 7 жұмыс күні.

       құжаттардың топтамасын тапсыру үшін жол берілетін күту уақыты – 15 минут;

       Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегiн көрсетіледі.

       Жұмыс кестесі: көрсетілетін қызметті беруші-өтініштер қабылдау және мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижесін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

          Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) нысан бойынша өтініш;

2) жеке басты куәландыратын құжат  

 

Мекен жай: «Қаратұрық ауылдық округі әкімінің  аппараты» мемлекеттік мекемесі, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қаратұрық ауылы, Жібек жолы  көшесі, №86.Тел: 8/72776/75124,8/72776/75144,e-mail: кaraturyk_75124@mail.ru