ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылдың 24 ақпанындағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді-мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» № 138 қаулысының  13-тармағына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, 2019 жылдың 3 желтоқсаны күні сағат 16:00-де Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылдық округі, Май ауылындағы М.Мәметова атындағы орта мектептің мәжіліс залында «Май» ауылының атауын «Шағаман батыр» ауылы деп өзгерту туралы жиын өтіп көше тұрғындары тарапынан қолдау тапты. Құжаттар әзірленіп, облыстық ономастикалық комиссиясының қарауына жолданатын болады.

Қабылданған қаулы:

Шелек ауылдық округіне қарасты «Май» ауылының атауын «Шағаман батыр» ауылы деп өзгерту мақсатында, ауылдық округі әкімінің шешімін шығару үшін қажетті құжаттар (түсіндірме жазбаша хат, экономикалық есеп-қисап т.б.) дайындалып, аудандық өкілді және атқарушы органдарға жіберілсін.

Е.ЕСЕНХАНОВ,

Шелек ауылдық округі әкімі