2019 жылдың 14 желтоқсан күні Т.Молдағалиев атындағы мәдениет үйінде «ҚР Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай өткен іс-шарамен қатар, Есік қаласы әкімі аппаратының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Е–zhetysu.kz» порталын , «Mektep SitCen», жобасын, «Digital agent» мобильді қосымшасын түсіндіру мақсатында жәрмеңке өткізілді.
Жәрмеңкеде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Цифрлы агент» (Digital agent) мобильді қосымшасы іске қосылғаны, аталған мобильдік қосымшаны Play Market және App Store сервистері арқылы жүктеуге болатыны және «DIGITAL AGENT» қосымшасының артықшылығы – қызмет алушылар шынайы уақытпен мемлекеттік қызмет көрсету сапасына баға беруге болатыны туралы ақпарат берілді.
«Е–ZHETYSU.KZ» порталы арқылы мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезекке қоюды автоматтандыруға мүмкіндік бар. Сондай-ақ, мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін 6 жасқа дейінгі бүлдіршіндерді кезекке қою мемлекеттік қызметін автоматтандырады.
SitCen.kz – білім беру мекемелеріндегі автоматтандыру Есік қаласында белең алуда. 2019 жылдан бастап қала тұрғындары өз балаларын жалпы орта мектептің бірінші сыныбына қабылдауға өтінішті Интернет желісінде SitCen.kz порталы арқылы жібере алады. Білім беруді цифрландыру бағдарламасы аясында мектептер mektep.sitcen.kz порталдарына іске қосылды.