Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мәселелері жөнінде азаматтарды қоғамдық қабылдау

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мәселелері жөнінде  азаматтарды қоғамдық қабылдау

        А.ж. 15 сәуір күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті жанындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық жұмыс тобының қоғамдық бақылау және азаматтарды қабылдау жоспарына сәйкес, Еңбекшіқазақ ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары С.Абросимова "Сервистік әкімдігінде",  "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы аясында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мәселелері жөнінде азаматтарды қоғамдық қабылдауын өткізді.

Қабылдау барысында кеңестер беріліп, қойылған барлық сұрақтарға түсініктемелер берілді.

 

Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты

 мемлекеттік қызметтер мониторингі

және ақпараттық технологиялар бөлімі