ШЕЛЕКТЕГІ САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫНА ҚАЖЕТТІ ҚИЫЛҒАН АҒАШТАРДЫҢ ОРНЫНА 3760 ТҮРЛІ КӨШЕТТЕР ҚАЙТА ОТЫРҒЫЗЫЛАДЫ

ШЕЛЕКТЕГІ САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫНА ҚАЖЕТТІ ҚИЫЛҒАН АҒАШТАРДЫҢ ОРНЫНА 3760 ТҮРЛІ КӨШЕТТЕР ҚАЙТА ОТЫРҒЫЗЫЛАДЫ

Бүгін Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Қуат Сұлтанғазиев Шелек ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстарын бақылап қайтты. Мердігер ұйым өкілдері ұзақ жылдық 367 түп ағаштарды кесу қажет екенін айтты. Бірақ бұл ағаштардың орнына мердігер ұйым 3670-тен астам ағаш отырғызуға міндеттенеді. Осы орайда аудан басшысы: "Міндеттенген істеріңізге жауапкершілікпен қарап, барлығын сапалы және уақытылы орындаңыздар. Бұл бірегей аумақ ерекше күтімді талап етеді, аумаққа қылқан жапырақты ағаштар отырғызу қажет" - деп Қуат Елеусізұлы мердігерлік ұйымға тапсырма беріп, кешен айналасын абаттандыру ерекше бақылауда екенін айрықша атады.
Айта кетейік, бұл ескірген тоғай ағаштарының егілгеніне 100 жылдан асқан.
Қазіргі уақытта тоғайды жасартып, жандандыру жұмыстары тұрақты жүргізіледі.