
ПОЛИЦИЯ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
Өткен демалыс күндері Еңбекшіқазақ ауданының полиция қызметкерлері мұқтаж адамдарға материалдық көмек көрсету бойынша іс-шаралар ұйымдастырды. Осылайша, олар кез-келген материалдық көмекке мұқтаж отбасыларға бей-жай қарамайтындықтарын көрсетті. «Бұл біз бірінші рет ұйымдастырып отырған іс-шара, әрі қарай да жалғастырмақпыз. Акцияның демеушілері өзіміз, қызметкерлер, демек, біз ерікті негізде мұқтаж адамдарға көмек көрсетеміз », - деді полиция капитаны, Еңбекшіқазақ ауданы ювенальды полиция бөлімінің аға инспекторы Омарханова Мадина. Қайырымдылық шарасы аясында полиция қызметкерлері отбасыларына мықты денсаулық тілеп, қажетті заттар мен азық-түлік сатып алды. Кездесу соңында Еңбекшіқазақ АПБ ювенальды полиция тобының инспекторларына алғыс сөздер мен ізгі тілектер айтылды. Д.Төлемисова Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің баспасөз хатшысы