
Еңбекшіқазақ ауданында Жалпы республикалық "Халық заңгері" акциясы өтеді
Ағымдағы жылдың 22 қарашасында сағат 17.00-ден 20.00-ге дейін Есік қаласы Абай көшесі №318 а, Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) ғимаратында "Халық заңгері" кең ауқымды республикалық акциясы өтеді. Кездесуге келген ауданның кез келген тұрғыны адвокаттардан, нотариустардан, прокурорлардан, тергеушілерден, сот орындаушыларынан, полицейлерден, Әділет қызметкерлерінен, көші-қон полициясы мен мемлекеттік органдардан жоғары білікті заң кеңесін алады. Көптеген азаматтар заңгерлерге ақылы көмек көрсетуге мүмкіндігі жоқ және осы акцияның арқасында біздің аудан тұрғындары осындай мүмкіндік алады. Барлық тілек білдірушілерді күтеміз.