
А.ж. 18 наурыз күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті жанындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық жұмыс тобының қоғамдық бақылау және азаматтарды қабылдау жоспарына сәйкес, Еңбекшіқазақ ауданының Ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Узаков және экономика және қаржы бөлімі "Сервистік әкімдігінде", "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы аясында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мәселелері жөнінде азаматтарды қоғамдық қабылдауын өткізді.
Қабылдау барысында кеңестер беріліп, қойылған барлық сұрақтарға түсініктемелер берілді.
Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты
мемлекеттік қызметтер мониторингі
және ақпараттық технологиялар бөлімі