
Жақында аудан әкімі Ташкенсаз ауылдық округінің апатты нысандарының жағдайымен танысты.
Алғашқы кездесу 70-ші жылдары салынған Баяндай орта мектебінде өтті. Кейіннен фельдшерлік-акушерлік пункт ғимаратымен танысты. Округ әкімдігі қазіргі уақытта блокты-модульді ФАП салу үшін жер учаскесін бөлуді ресімдеуді жүргізуде.
Айта кетейік, өткен жылы Ташкенсаздағы 300 орындық мектептің қосымша құрылысы басталған еді. Ауылда ұзындығы 3 шақырым сумен жабдықтау жүйелеріне ағымдағы жөндеу жүргізілді.
Бұл жұмыстар биыл да жалғасын табады.