Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қоғамдық бақылау

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қоғамдық бақылау

Ағымдағы жылдың 16 наурыз күні Еңбекшіқазақ ауданда мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында туындаған түйінді мәселелерді және кемшіліктерді қарау жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның жұмыс сапарларын өткізу кестесіне сәйкес аудан әкімдігінің ведомствоаралық комиссия мүшелері мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру, оның ішінде мемлекеттік қызметті алу кезінде "кедергісіз орта" құру мақсатында Бөлек және Ават ауылдық округі әкімдері аппараттарында  қоғамдық мониторинг жүргізілді.

              Жұмыс сапарының нәтижесінде Қазақстан Республикасының мүгедектердің құқықтарын қорғау және мемлекеттік қызметтер көрсету саласы заңнамасында бұзушылықтар анықталды (нашар еститін және саңырау адамдарды, сондай-ақ көру қабілеті нашар, арбамен жүретін мүгедектерді шұғыл эвакуациялау схемасының болмауы, пандустар белгіленген нормаларға сәйкес келмейді).

      Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша көрсетілетін қызметті берушілерге тиісті ұсынымдар мен оларды орындау мерзімі берілді.

Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппаратының

 мемлекеттік қызметтер мониторингі

және ақпараттық технологиялар бөлімі