СӨГЕТІ ЖӘНЕ АСЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІМ

СӨГЕТІ ЖӘНЕ АСЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІМ

Бүгін аудандық мәслихаттың хатшысы Бекет Төлегенұлы Ахметовпен бірге Сөгеті және Асы  округтерінде болып, ауыл тұрғындарының тынысымен таныстым.
Округ тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелерін талқыладық.  тұрғындар өз ұсыныстарын айтып, ауылда ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Айталық, Сөгеті ауылдық округінде тұрғындар ауыз су мәселесін көтерді, әйткенмен қазіргі таңда оған қаражат қарастырылып, конкурстық рәсімдер өтуде. Қорытындысынан кейін құрылыс жұмыстары басталады. Сумен жабдықтауды жүргізу ауыспалы объект болып табылатындықтан, құрылысты аяқтау 2023 жылға жоспарланып отыр. Сондай-ақ тұрғындар жайылымдық жерлер мәселесін көтерді, өйткені ауылдың әрбір тұрғыны мал шаруашылығымен айналысады. Кейін біз Асы ауылдық округінің әлеуметтік нысандарымен таныстық. Округ құрамына 5 елді мекен кіреді және олардың әрқайсында мектеп және басқа да әлеуметтік нысандарға күрделі жөндеу қажет.
Тұрғындармен кездесуде айтылған барлық ұсыныстар басты назарда болатынын атап өткім келеді.