Еңбекшіқазақ ауданының «сервистік әкімдігінде» мемлекеттік қызметтердің онлайн-жәрмеңкесі өткізілді

Еңбекшіқазақ ауданының «сервистік әкімдігінде» мемлекеттік қызметтердің онлайн-жәрмеңкесі өткізілді

24.02.2022 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бастамасымен, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында,Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің ғимаратында мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өткізілді.

     Онлайн-жәрмеңкені аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары және ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы жүргізді.

     Жәрмеңке өткізу барысында аудан тұрғындарының қойған сұрақтарына жауаптар берілді.

 

Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты

 мемлекеттік қызметтер мониторингі

және ақпараттық технологиялар бөлімі