АУДАННЫҢ ЖАҢА БАСШЫСЫ АЛҒАШҚЫ АППАРАТТЫҚ ЖИЫНЫН ӨТКІЗДІ

АУДАННЫҢ ЖАҢА БАСШЫСЫ АЛҒАШҚЫ АППАРАТТЫҚ ЖИЫНЫН ӨТКІЗДІ

Бүгін аудан әкімі Қуат Елеусізұлы Сұлтанғазиев алғашқы аппараттық жиынын өткізді. Оған орынбасарлары, бөлім, мекеме басшылары, округ әкімдері қатысты.
Жиын барысында әр орынбасары өз салалары бойынша есебін берді. Сонымен қатар, тұрғындардың көгілдір отынға қолжетімділігін арттыру, көктемгі егіс науқанына дайындық жұмыстары, ауылшаруашылығы техникаларын уақытылы әзірлеу, жоғары сапалы тұқым сатып алу және отырғызу мәселелері бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Сонымен қатар, көпқабатты үйлер салу жайы, коронавирус індетінің алдын алу мақсатында тұрғындарды вакцинациялау жұмыстары сөз болды.
Қуат Елеусізұлы аталған мәселелер кезең-кезеңімен шешілетінін атады.