
Бүгін Еңбекшіқазақ аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы блокты-модульдік қазандыққа қосылатын көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарымен кездесу өткізді.
Биылғы жылы Шелек ауылында 10108 тұрғыны бар 7 көпқабатты үйді қамтамасыз ететін 4 БМК құрылысы жоспарлануда. Айта кету керек, биыл ауданда барлығы 21 блок-модульдік қазандықтың құрылысын аяқтау жоспарланған.