
Ағымдағы жылдың 19 қаңтарында сағат 00:00-де Алматы облысының барлық аумағында "коменданттық сағат"тоқтатылады. Бірақ аймақта террористік қауіптің "қызыл" деңгейі әлі де жалғасуда.
Осыған байланысты өңір аумағында жедел жағдайды сауықтыру, заңдылықты, құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ жаппай тәртіпсіздік салдарын жою мақсатында "Құқықтық тәртіп"Республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі. Өткізілген іс-шара шеңберінде аулаларды және пәтерлерді аралау жүргізіледі, сондай-ақ автокөлікті тексеру жүзеге асырылады.
Құқық қорғау органдарының ерекше назары қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың алдын алуға аударылатын болады. Патрульдік полиция нарядтарын күшейту және тыйым салынған заттарды заңсыз алып жүру мен сақтауды анықтауға бағытталған іс-шаралар өткізу жоспарлануда.
Өңір халқын құқықтық тәртіп сақшыларының іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарауға және қолданыстағы заңнама нормаларын мүлтіксіз сақтауға шақырамыз. Құрметті азаматтар, барлық ықтимал арандатушылыққа бой алдырмаңыз және заңсыз акцияларға қатысудан аулақ болыңыз.
Полиция құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікке қол сұғатын қандай да бір бұзушылықтардың жолын кесіп, қазақстандық заңнамада көзделген қажетті шараларды қабылдайтын болады.