
18-19 қаңтарда православиелік әлем Крещение господне мерекесін атап өтеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы «Алматы облысында төтенше жағдай енгізу туралы» №727 Жарлығына сәйкес қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қалпына келтіру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында азаматтардың қауіпсіздігіне елеулі және тікелей қауіп төнуіне байланысты, сондай-ақ Алматы облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері орынбасарының 2022 жылғы 14 қаңтардағы Алматы облысының аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты «Алматы облысының аумағында карантиндік шараларды күшейту туралы» № 1 Қаулысының негізінде, Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті және Алматы облысының санитариялық - эпидемиологиялық бақылау Департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарын барлық ашық су айдындарында шомылу рәсімінен бас тартуға шақырады.