
Есік-Алматы бағытына қатынайтын 225 қоғамдық көлік жұмысы 12 қаңтардан бастап қайта жанданады.
Әйткенмен, уақытында аз өзгеріс болады. Таңғы сағат 9.00-ден алғашқы автобус жолға шығады. Кешкі сағат 18.00-де қоғамдық көлік жұмысы тоқтайды. Қолда бар мәлімет бойынша автобус уақытының жол жүру жиілігі бұрынғыдай. Әр 15 минут сайын белгіленген аялдамаларда болады.
Сонымен қатар
қоғамдық көлікті пайдаланушылар мен аудан тұрғындарынан төтенше жағдай талаптарын қатаң сақтау сұралады.
Еңбекшіқазақ ауданының баспасөз қызметі.