Еңбекшіқазақ ауданының прокуратурасы

Еңбекшіқазақ ауданының прокуратурасы

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығы негізінде 1936 жылы құрылды және Алматы облысының прокуратурасына тікелей бағынышты. Мұрағаттық мәліметтерге сай, Еңбекшіқазақ ауданының прокуратурасы, сондай-ақ өзге прокуратуралар қалыптасудың белгілі бір жолынан өтті.

Сол сәттен бері Еңбекшіқазақ ауданының прокуратурасында үлгілі, жоғары кәсіби деңгейдегі және тәжірибелі қызметкерлер жұмыс істеді және басқарды.

Еңбекшіқазақ ауданының прокуратурасын әр жылдары: Н.К. Нұрғалиев (1960ж.), Т.И. Іргебаев (1967-1977ж.ж.), Қ.А. Алдыбаев (1977-1984ж.ж), Т.О. Оңалбаев (1984-1987ж.ж.), Т.Н. Насыров (1987-1991ж.ж.), К.А. Сенгірбеков (1978-1982ж.ж. – Шелек ауданының прокуроры), М.Н. Нұрдәулетов (1991-1993ж.ж. – Шелек ауданының прокуроры), А.К. Калиев (1993-1995ж.ж.), Б.С. Нұрғалиев (1995-1997ж.ж), О.К. Қожахметов (1997-1998ж.ж), А.Р. Сайтбеков (1998-2000), А.Ү. Үйсінбаев (2000-2001ж.ж.), Е.М. Сыбанқұлов (2001-2005ж.ж.), Қ.Б. Қарымсақов (2006-2007ж.ж.), Т.Ш. Иманбаев (2007-2011, 2012-2017ж.ж.), Ш.С. Құтелов (2011-2012ж.ж.), Р.Ә. Әміров (2017-2019ж.ж.) басқарған.

Еңбекшіқазақ ауданының прокуроры Күренкей Азамат Жолдасбекұлы 03.03.1988 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының "Құқықтану" мамандығы бойынша магистратурасын бітірді.

Прокуратура органдарында қызметін 2010 жылы бастады, әр кезенде Алматы қаласының Жетісу ауданы прокурорының көмекшісі, Астана қаласының Есіл ауданы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, бөлім бастығы, Астана қаласы прокуратурасының басқарма прокуроры, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бөлім прокуроры, Алматы облысы прокуратурасының Басқарма бастығының орынбасары, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы прокурорының орынбасары лауазымдарын атқарған.

Сыныптық шен – кіші әділет кеңесшісі.