АУДАН БАСШЫСЫ ҚЫРБАЛТАБАЙ АУЫЛЫНДАҒЫ БІРҚАТАР ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ ТЕКСЕРДІ

АУДАН БАСШЫСЫ ҚЫРБАЛТАБАЙ АУЫЛЫНДАҒЫ БІРҚАТАР ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ ТЕКСЕРДІ

Алдымен Әлібек Әскербекұлы 1989 жылы 620 оқушыға салынған Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің жай-күйімен танысты.  Мектепке қарасты 120 орындықты мектеп-интернаты бар, қазіргі таңда 59 оқушы тұрады.  Мектеп директорының шаруашылық бөлімі бойынша орынбасары күндізгі уақытта жылуды өз бетінше өшіріп тастағандықтан Әлібек Әскербекұлы жауапты тұлғаларға қатаң ескерту жасады. Мектеп-интернатының ғимараты күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындап отырғандықтан, жаңадан салынатын мектеп-интернаттың жобалық-сметалық құжаттамасын дайындауды тиісті бөлім басшыларға тапсырма берді.
​
Бұдан кейін аудан басшысы ауылдық дәрігерлік амбулаторияның жағдайын тексерді. Нысан 2015 жылы салынған, бірақ ғимарат шатырын жөндеуді қажет етеді. Әлібек Әскербекұлы бұл мәселені шешетінін айтып, сонымен қатар жергілікті дәрігерлердің жұмысына қатысты ескерту жасады.
​

Сондай-ақ ауылдық округте 6 мың бас бордақылау алаңы, оның ішінде 500 бас ірі қара малға арналған ферма салынуда. Биыл 300 миллион теңгеге инвестиция құйылды. «Агро Балтабай» өкілдері аудан әкімінен тағы бір мал бордақылау алаңына жер бөлуді сұрады.