АУДАН БАСШЫСЫ СӨГЕТІ, МАЛЫБАЙ ЖӘНЕ МАСАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІН ЖҰМЫС САПАРЫМЕН АРАЛАДЫ

АУДАН БАСШЫСЫ СӨГЕТІ, МАЛЫБАЙ ЖӘНЕ МАСАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІН ЖҰМЫС САПАРЫМЕН АРАЛАДЫ

Жақында аудан әкімі Әлібек Жақанбаев Нұра және Малыбай ауылдарында салынып жатқан воркауттың құрылыс-монтаж жұмыстарын тексерді. Барлық воркауттың құрылыс жұмыстары бойынша ТҮКШ және ТҮИ бөлімінің басшысына, округ әкімдеріне  ескертулер айтылып, кемшіліктерді тез арада түзету керектігін нақты тапсырды.

Осыдан кейін Әлібек Әскербекұлы Қ.Ұлтарақов ауылындағы шағын футбол алаңының құрылысымен танысты. Тескеру барысында бірқатар ескертулер жасалды. Әсіресе, іргетасының сапасына  баса мән берілді. Масақ ауылдық округінің әкіміне және жауапты бөлім басшыларына аталған мәселеге жауапкершілікпен қарап, кемшіліктерді қысқа мерзімде түзетуді тапсырды.
Сондай-ақ, ауылдың сумен жабдықтау жүйесінің қайта құрылуы мен құрылыс жұмысын тексерді. Аталған нысан "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы аясында салынып жатыр және құрылыстың аяқталу мерзімі 2021 жылдың 15 желтоқсаны деп белгіленген.

Әрбір нысан бойынша өзекті мәселелер назарға алынып, оларды шешу жолдары қаралатын болады. Осы бағытта аудан әкімі болашақта ел игілігіне қызмет атқаратын нысандар сапалы және уақытылы бітіуін өз қадағалауына алатынын және тиісті шаралар қолданатынын қатаң ескертіп өтті.