«Egov.kz жаршысы» жобасы аясындағы акция

«Egov.kz жаршысы» жобасы аясындағы акция

2021 жылдың 24-25 тамыз күндері Қаракемер ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары мен ерікті жастар «Egov.kz жаршысы» жобасы аясында акция өткізді. Акция мақсаты электронды үкімет порталы және мобильдік қосымшалар арқылы мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу бойынша халықтың сандық сауаттылығын арттыру болып табылады. Акцияға шамамен 50 шақты адам қатысты. 

 

Қаракемер ауылдық округ әкімінің аппараты