
27.08.2021 жылы Еңбекшіқазақ аудан әкімдігінің ғимаратында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Қазақстан Республикасының Конституция күнінің мерекелеу қарсаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бастамасымен Еңбекшіқазақ аудан әкімдігінің қызмет көрсетушілері арасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамасын білуге арналған "Қызмет білгірлері" зияткерлік ойыны өткізілді.
Ойынға аудан әкімдігінің мемлекеттік қызметкерлерінен 6 команда қатысты.
Ойын қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды: 1 - орынды Есік қаласы және Көктөбе ауылдық округ әкімі аппарат мамандарының командасы; 2 - орынды Рахат, Қаратұрық және Балтабай ауылдық округтер әкімі аппараттарының мамандар командасы; Жаңашар, Қаракемер және Түрген ауылдық округтері әкімішілігінің аппарат мамандарының командасы 3-орындыиеленді.
Ойын жеңімпаздары ҚР Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Алматы облысы бойынша департамент басшысының және Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Зияткерлік ойынға белсенді қатысқаны үшін Қорам ауылдық округі әкімінің орынбасары Сәбит Қошатаев, Есік қаласы әкімі аппаратының жетекші маманы Дана Құрамысова, Рахат ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Айжан Кішікбаева грамоталармен және естелік кәдесыйлармен марапатталды.
Мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімі
және ақпараттық технологиялар
Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты