Еңбекшіқазақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы салық төлеушілер назарына !

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы салық төлеушілер назарына !

Қазақстан  Республикасының  Әкімшілік құқық бұзушылық  туралы кодексінің  463-бап. Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды)жүзеге асыру.

 

  1. Тіркеу, рұқсат беру, хабарлама жіберу мiндеттi болған жағдайларда, тiркеусiз, рұқсатсыз, сол сияқты хабарлама жібермей кәсiпкерлiк немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –

      әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасау заттары және (немесе) құралы тәркiлене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға – он бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады, ал лицензиясыз кәсiпкерлiк немесе өзге де қызметпен айналысу әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірісті (дивидендтердi), ақшаны, бағалы қағаздарды қосымша тәркiлеуге әкеп соғады.

  1. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –

      әкімшілік құқық бұзушылық жасау заттары және (немесе) құралы тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады, ал лицензиясыз кәсiпкерлiк немесе өзге де қызметпен айналысу әкiмшiлiк құқық бұзушылық нәтижесінде алынған кiрiстi (дивидендтердi), ақшаны, бағалы қағаздарды қосымша тәркiлеуге әкеп соғады.

       Ескертпе. Осы бап бойынша жауаптылық "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын валюталық операция туралы хабарламаға және валюталық операцияларды тіркеуге, сондай-ақ "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын хабарламаларға қолданылмайды.

 

 

 

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша

мемлекеттік кірістер басқармасының

құқықтық және ұйымдастыру жұмысы бөлімі