
Вакцинация төлқұжатына қатысты жие қойылытын сұрақтар.
Вакцинация туралы ақпаратты Сіз "Электрондық вакцинация паспорты" құжатындағы цифрлық құжаттар сервисіне өтіп, "ЕGov mobile" мобильдік қосымшасынан қарай аласыз.
Вакцинация туралы ақпаратты Сіз "eGov mobile" мобильді қосымшасында вакцинацияның екі кезеңінен өткеннен кейін ғана қарай аласыз. Вакцинациялаудың барлық кезеңдерінен өткеннен кейін құжат болмаған жағдайда, Сізге цифрлық құжаттар сервисінде құжаттар тізімінің оң жақ жоғарғы бұрышындағы "Жаңарту" батырмасын басу қажет. Электрондық "вакцинация паспорты" вакцинациядан өтудің заңдылығын растауға арналған QR-кодты қамтитын болады. Кодты сканерлеген кезде пациентті вакцинациялау туралы деректермен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына көшу жүзеге асырылады. Азаматтың жеке деректерінің жария етілуінен қорғау мақсатында деректердің бір бөлігі жұлдызша символымен жасырылған.
Вакцинацияның электрондық паспортында азамат туралы, вакцинаның түрі, сериясы, медициналық ұйым туралы және вакцинациядан өту күні туралы мәліметтер болады (паспорт вакцинацияның барлық кезеңдерінен өткеннен кейін қалыптастырылады).
EGov порталында вакциналауды алу туралы анықтама беру бойынша қызметтер жоқ. Анықтаманы вакцинация жүргізген медициналық ұйымнан алуға болады.
Қазіргі уақытта мұндай функционалдылық қарастырылмаған. Сіз алдын ала емхананың телефон нөмірі бойынша жазылып, вакцинациядан өту үшін қажетті емханаға жүгіне аласыз.
Медициналық ұйымның атауын және вакцинациялауды жүргізу уақытын SMS хабарламадан, сондай-ақ eGov жеке кабинетінде қызметті алу бетінен қарауға болады.
Вакцинациялаудың электрондық паспортын смартфон және онда алдын ала орнатылған eGov mobile мобильді қосымшасы болған кезде ғана алуға болады.
Вакцинациялауға өтінім жіберілген медициналық ұйымға жүгіну қажет.
Сервисте цифрлық құжаттар тізімі бетінде құжаттармен, жоғарғы оң жақ бұрышында "Жаңарту" батырмасын басу қажет.
1414 байланыс орталығына хабарласып, сұранысты тіркеу қажет.
«Саймасай ауылдық округі әкімінің аппараты»