
Алайда егер сіз өз көлігіңізді сатқыңыз келсе немесе оған жөндеу үшін кейбір бөлшектерді іздесеңіз, онда құжаттар міндетті түрде қажет болады. Кейде әртүрлі ТҚКС-ны аралап, адамдар техпаспортын жоғалтып жатады.
Бұл жағдайда тез қалпына келтіру үшін оңтайлы шешім бар. Ол үшін мамандандырылған ХҚО-ға барып, төмендегі құжаттармен жүгіну қажет:
- Өтініш;
- Жеке куәлік;
- Техпаспортты бергені үшін мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек;
Қызмет құны 1,25 АЕК немесе 3647 теңге. Жаңа техпаспорт 1,5 сағаттан кейін дайын болады да, сіз оны бірден алып кете аласыз.
Құжаттарыңызға мұқият болыңыз және жоғалтпаңыз!