
Мемлекет басшысы «Қазақстан -2050» стартегиясында «өте жоғарғы этика және кәсібилік тиімді мемлекеттік аппаратты құрудың негізгі өлшемі болып табылатындығын» атап өтті.
Бүгінде мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән беріледі. Мемлекеттік қызметші имиджінің тұтастығы жоғарғы кәсібилік пен жеке құзыреттердің, моральдық-адамгершілік қасиеттердің және әдептілік мінез құлықтың көрінуіне негізделген.
Бұдан басқа, мемлекеттік қызметші мемлекеттің мүддесіне және азаматтардың құқығына залал келтіретін іс-қимылдарға қарсы тұруға, заңмен белгіленгеншектеулерді сақтауға міндетті.
Мемлекеттік қызметші күнделікті өмірде әдепті мінез-құлық қағидаттарын сақтауға, мемлекеттік қызметтерді сапалы әрі кәсіби көрсетуі, қызмет алушыға құрметпен және ізгі ниетпен қарауға тиіс.
Енбекшіқазақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының
есеп жүргізу, талдау және ақпараттық технологиялар бөлімі