«Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі-портал) арқылы алу тәртібі туралы»

«Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі-портал) арқылы алу тәртібі туралы»

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппараты арқылы жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

            Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру үшін үшін, www.egov.kz веб-портал арқылы өтініш беруіңіз қажет.

Қажетті құжаттар:

- мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісуге арналған электрондық өтініш;
          - бүлінген жерлерді қалпына келтірудің жобасы.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі-5 (бес) жұмыс күні.

            Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын бере отырып, электрондық келісу не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

Жұмыс кестесі:

Портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілген қызметті алушы  Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Мерекелер туралы заңының 5- бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). 

Аудан әкімінің аппараты - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5 бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұмы аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден  18.30-ға дейін.

Байланыс телефоны: 87277520597

 

Еңбекшіқазақ аудан әкімінің аппараты